Шымкенттіктер әкімге сенбейді

11:28, 1 қыркүйек 2021

© Сурет: видеодан кадр

Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтеновке сенуден қалдық деген тұрғындар жолды жапты, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Дәл осындай әрекетке баруларына тұрып жатқан баспаналарында көгілдір отынның жоқтығы және сапасыз құрылысы себеп болыпты. Жағдайларын айтып жауаптылардың есігін қанша қаққанымен мәселелінің шешілмей келе жатқанынан жарты жылға жуық уақыт болған. Ал, шаһар басшысы ағымдағы жылдың 30-шы шілдесінде газ беріледі деп тұрғындарға жазбаша жауап қайтарған. Бірақ әлі күнге дейін көгілдір отын қосылмапты.

Бір қарағанда алыстан көз тартатын мына үйлердің, "сырты бүтін, іші түтін" дейді тұрғындар. Жұрт газы жоқ, суары сасық және сапасы сын көтермейтін үйлерін биыл қаңтарда "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы алыпты. Оның өзінде, жылдап кезекте тұрып, жүйкемізді жұқартып әрең қол жеткіздік дейді. Енді келіп, бітпейтін мәселеден көз аша алмай отырмыз деп ашынады.

Әйгерім Қаражанова, Шымкент тұрғыны:

Судың иісі шығады. Лас жаман иіс шығады. Тұрып қалған иіс бар ғой бір тұрып қалған темір болады гой. Ішуге жарамсыз. Ана жерден бес литр баклажкамен су алып отырамыз. Біз Нұрлы жер бағдарламасы арқылы 2021 жылы үйді алып отырмыз. Қаншадан төлейсіздер? Әркімде әртүрлі. Мысалы төменгі бағасы 60-70 мың. Қанша жыл төлейсіздер? 10-15-20 жыл.

Нұрғиса Асилов, Шымкент тұрғыны:

Есік терезелер өте нашар. Ертең қыста газ боламаса свет өшсе болды мына дом. Лифт тоқтайды. Үйдің сапасы төмен. Өзімнің қаражатымнан үш миллион теңге жұмсап, қайтадан реставрация жасадық. Былайша дефекттерді айтып істете алмағандық, өз қаражатымыздан істедік.

Үйлерінде газ болмағандықтан электр пештеріне тамақ дайындауға мәжбүр. Оның өзінде жарық екі күннің бірінде жылпылдап өшіп қала береді екен. Амалдың жоқғынан "ролтон" мен "бигбон" жеуге тура келеді деп ашынған тұрғындар апақ-сапақ уақытта жолды жауып, көліктердің қозғалысын тоқтатып тастады. Себебі, көздерінің қиықтарын салмайтын шенеуніктер сонда ғана назар аудара ма деп.

Шешілмейтін мәселеден мезі болған тұрғындар жолды жауып өздерінің талаптарын төтетсінен қойды. Ал, егер жуық арада орындалмайтын болса, тағы да осы әрекетімізді қайталаймыз деп бел буып отыр. Ашынған жұрт жолды жапқаннан кейін полиция өкілдері тұрғындарды итеріп жол жиегіне шығарып тастады.

Жағдайдың ушығып бара жатқанын сезді ме, жауапты атқамінерлер бірден осы ортадан табыла кетті. Халықты барынша сабырлыққа шақырып, газдың алдағы екі ай көлемінде берілетіндерін айтып ақталды. Алайда, қалалық энергетика басқармасының басшысы тұрғындарға әкімнің қолымен хат жазып, 30 шілде күні газ беріледі деп уәде еткендердің қатарында өзі барын екенін мойындады.

Боранбай Булатбеков, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы:

Негізінде әкім олай уәде берсе, менің айтқан сөзіммен уәде берді ол кісі. Қателік менен болған, мен-дағы әдейілеп емес, өтірік айтып емес. Осылай енді стройканың мәселесі біраз жерде труба жарылып сыннан өткен жоқ. Сондықтан кешігіп жатыр.

Ал, қала әкімін халық алдында өтірікші еткен басқарма басшысы бұл жолы да барлық тірлікті тындырып беремін деп уәде беріп кетті. Тұрғындар болса, "қырқына шыдадық енді қырық біріне шыдас берейік" деп қалды. Егер берілген уәде дер кезінде орындалмайтын болса, тікелей Мұрат Әйтеновпен кездесуге тайлы-тұяғымыз қалмай барамыз деп тарқасты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!