Еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 30 сәуірде Қазақстанның он қаласының тұрғындарына ауа сапасының нашарлайтыны туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" мәліметінше, 30 сәуірде Көкшетау, Өскемен, Семей, Риддер, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде зиянды (ластаушы) заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластаушы көздердің маңында жүруді шектегені жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2026 жылдың наурыз айында Қазақстанның 68 елді мекенінде атмосфералық ауа сапасына жүргізілген мониторингтің қорытындысын жариялағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 29 сәуір 2026
Алматы – Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылмақ
-
22:35, 29 сәуір 2026
АҚШ-тың Иранға қарсы операцияға қанша қаржы жұмсағаны белгілі болды
-
22:19, 29 сәуір 2026
Қызылордада сәбиін сатпақ болған ана ұсталды
-
21:58, 29 сәуір 2026
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын сегіз медальмен аяқтады
-
21:37, 29 сәуір 2026
Алтын әшекейлерді ломбардқа өткізіп үлгерген: Кентауда ұрылардың әрекеті камералар арқылы әшкереленді





