Қызылордада сәбиін сатпақ болған ана ұсталды

22:19, 29 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Тоғыз ай құрсағында көтерген баласын миллион теңгеге бағалаған. Қызылорда облысында сәби саудасын қыздырғандар қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, 25 жастағы келіншек жүкті болғаннан босанғанға дейін Мамандандырылған қоғамдық қордың бақылауында болған. Кейін осы Қордың жетекшісі жас ананы сәбиін сатуға көндіріп, клиентті де өзі тауып беріпті. Солайша нәрестені жасырын түрде 50 жастағы әйелге бір миллион теңгеге сатып жатқан кезде ұсталған.

Аталмыш қылмысқа қатысы бар үш әйел де қазір уақытша ұстау изоляторында. Ішкі істер министрлігі соңғы бір айдың өзінде кәмелетке толмағандарды саудалау бойынша тоғыз дерек тіркеген.

Бұған дейін Таразда мас күйінде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!