Мемлекет басшысы NVIDIA және Firebird AI компанияларының өкілдерін қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының жаһандық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жөніндегі вице-президенті Николо Мартин Капрезбен, сондай-ақ Firebird AI компаниясының негізін қалаушылар Размиг Берг Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әңгімелесу барысында ЖИ-инфрақұрылымын жобалау, салу және пайдалану бағытындағы серіктестік перспективасы талқыланды.
"Мемлекет басшысы Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық елге айналуды көздеп отырғанын жеткізді. Президенттің айтуынша, NVIDIA технологиясы негізінде суперкомпьютер кластерлерін іске қосу аталған мақсатқа жету және елдің технологиялық дербестігін нығайту ісіндегі маңызды қадам болды". Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласында Деректерді өңдеу орталығы алқабын құру бойынша стратегиялық жоба қолға алынғанына тоқталды. Онда есептеу инфрақұрылымын дамытқысы келетін инвесторларға қолжетімді электр энергиясы, телекоммуникация желісі және салық жеңілдіктері қарастырылады.
NVIDIA және Firebird AI өкілдері Арменияда осыған ұқсас жобаны жүзеге асырып жатқаны жайында айтты.
"Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен компания өкілдері ЖИ-экожүйесін дамыту бағытындағы бірлескен бастаманы іске асыру мүмкіндіктерін зерделеуге келісті". Ақорда
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:14, 29 сәуір 2026
Таразда мас күйінде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:34, 29 сәуір 2026
Миллиондап ақша төлеген, алайда астықты ала алмаған: сот шешім шығарды
-
19:15, 29 сәуір 2026
Алматыда мереке күндері көшелердің бірінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
-
18:56, 29 сәуір 2026
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 30 сәуірде Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды
-
18:40, 29 сәуір 2026
Ербол Тасжүреков ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды





