Шымкентте 2019 жылы велосипедшілер үшін инфрақұрылымды дамыта бастайды

17:31, 27 қараша 2018

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдiрахымов велосипедпен жүруді қолдайтынын жеткізді. Ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистерге екі дөңгелекті экологиялық жағынан таза көлік түріне толық ауысуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мүмкін, мен велосипедке толық ауысып, сонымен жұмысқа келіп-кететін шығармын. Мен мемлекеттік аппарат қызметкерлерін велосипедке отыруға шақырамын. Көлікті тұраққа қоюдың, бензин туралы ойлаудың қажеті жоқ. Мен велосипед – болашақтың көлігі деп ойлаймын", - деді Ғабидолла Әбдiрахымов.

Әкімнің айтуынша, велосипедке отырмас бұрын, қаладағы велосипедке арналған инфрақұрылымды құру қажет. Шымкентте 2019 жылы аталған инфрақұрылымды дамыту басталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!