Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз Алматыдан табылды

17:48, 14 сәуір 2025

© Сурет: polisia.kz

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Пушкин көшесінің бойындағы аллеяны аралау кезінде Шымкент қаласында із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған 16 жастағы қызды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға кәмелетке толмаған қыз Алматыға ата-анасына ескертпестен келгенін айтқан.

"Полиция, дереу оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдады. Қыз бала заңды өкілдері келгенше Қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылды", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Қыздың ата-анасымен және туыстарымен туыстық байланыстарды нығайтуға және қайталап рұқсатсыз кету жағдайларының алдын алуға бағытталған жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

Бұған дейін Екібастұзда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!