Алматыда ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі
© Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында депутаттар қала әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай ардагерлерге берілетін біржолғы төлем мөлшерін 5 миллион теңгеге дейін ұлғайту туралы бастамасын қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл әлеуметтік қолдау шарасы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ғана қатысты (ҰОС қатысушылардың, мүгедектердің).
Сондай-ақ, депутаттар Ерболат Досаевтың тыл еңбеккерлеріне берілетін төлемді 100 мың теңгеге дейін арттыру туралы ұсынысын мақұлдады.
"Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығында біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері арттырылады: 21 ҰОС ардагеріне – 1 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін, 6 149 тыл еңбеккеріне – 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін", деп түсіндірді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауржан Жаубасов.
Шешімді барлық депутаттар бірауыздан қолдады.
Төлемді қаланың аудан әкімдіктері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ның Алматы қаласы бойынша екінші деңгейдегі банктердегі шоттарына берген тізімдеріне сәйкес өтінішті талап етпей аударады.
Айта кетейік, бүгінде Алматыда Ұлы Отан соғысының 21 ардагері мен 6149 тыл еңбеккері тұрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:12, 4 наурыз 2026
Түркия Иран ұшырған баллистикалық зымыранды атып түсірді
-
18:53, 4 наурыз 2026
Алматыда жалға алынған тұрғын үйден жасырын фитозертхана анықталды
-
18:46, 4 наурыз 2026
Германиядағы жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: қазақстандық биатлоншылар спринтте өнер көрсетті
-
18:42, 4 наурыз 2026
Қазақстан спортшысы еспелі слаломнан Таиландтағы турнирде қола медаль еншіледі
-
18:33, 4 наурыз 2026
Депутат мектептегі тамақтануға қатысты директорларға жекелей жауапкершілік жүктеуді ұсынады





