Шымкентте жиналыс үстінде ұстап әкеткен тұрғын үй басқармасының экс-басшысы сотталды

20:55, 27 тамыз 2024

© Фото: zakon.kz

Шымкентте тұрғын үй басқармасының экс-басшысына сот үкімі шықты. Азат Момынов 216 көпқабатты үйдің сейсмика дайындығына бөлінген 120 миллион теңге қаржыны монша құрылысына жұмсағаны дәлелденіп, ол тоғыз жылға сотталды.

"Жер сілкінісі болса, тұрақты ма, тұрақты емес пе деген қорытынды беруі керек еді. Бұл қорытындының екі түрі бар, ол визуалды және күрделі, бұлар күрделі жасау керек еді. Күрделі деген цементін көреді, өлшейді, қопарады дегендей. Соның орнына бұлар формальды түрде, іс бойынша жауап алған куә бар, визуалды түрде, барады да, үйді көреді, мына жағы дұрыс, мына жағы дұрыс емес, мына жағынан жөндеу қажет деп қана".Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот судьясы Әйнел Орақбаева

Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарған Азат Момыновты ақпан айында қала басшысы Ғабит Сыздықбеков жалпы жиналыс үстінде антикорға ұстатып жіберген болатын. Сөйтсе әкімнің жорамалы дұрыс шыққан екен. Момынов басшының міндетін атқарған аз уақыт ішінде үйлердің сейсмика тұрақтылығын тексеруге бөлінген ақшаны Қазығұрт ауданындағы монша құрылысына жұмсағаны дәлелденіпті.

Ол аздай, жеті көпқабатты үйдің күрделі жөндеуіне бөлінген 240 миллион теңгені ауылдас кәсіпкерге аударып бергені тергеу кезінде анықталды. Осылайша қос баппен айып тағылған Азат Момынов 9 жыл арқаласа, сыбайлас кәсіпкер 8 жылға сотталды. Бірақ экс-шенеуніктің адвокаты әкімнің өзі жиналыста ұстап берген соң, сот көп жағдайларға "көз жұма қарады" дейді. Мәселен, "бюджет милиондары жұмсалды" деген монша Момынов басшы болмай тұрып салынған дейді.


"Бұл монша осы қылмыстық оқиғалар болғанға дейін, 13 шілдеде, 2023 жылы пайдалануға беріліп қойған. Тиісті тіркеу орындауларынан өтіп қойған. Ал айыптауларда жарияланып отырған құқықбұзушылықтар аталмыш оқиғадан кейін орын алған".Сотталушының адвокаты Шымырбай Ағабеков

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!