Шымкентте 24 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді
![](https://mail.kz/images/d31ec36897c47a8b33d20c904a802896-slider.jpg)
© Фото: zakon.kz
Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үшем дүниеге әкелді. Сәбилердің үшеуі де ұлдар. Оларға Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед есімдері берілді.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қала тұрғыны мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада босанған. Сәбилердің бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640 гр, үшіншісінің салмағы – 1610 грамм.
Дәрігерлер сәбилерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасаған. Содан кейін палатаға шығарған. Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшем мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 26 шілде 2024
Павлодарда автобус аялдамасы маңында бір бойжеткенді көлік қағып кетті
-
22:40, 26 шілде 2024
2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ресми түрде басталды
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері өз таңданысын жасыра алмады
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері таңданысын жасыра алмады
-
21:50, 26 шілде 2024
«Аптап ыстық, қатты жел». Сенбіде еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды