Шымкентте Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Үмбет сотталды

13:09, 26 наурыз 2020

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Б. Үмбетке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді өндіріспен аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол коммерциялық семинар өткізуге "Шымкент Цирк" МҚК залын жалға алуда цирк кассасына іс жүзінде қаражат төлеместен, қосымша уақыт бөлуге жәрдемдескені үшін кәсіпорын өкілінен 300 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болған.

А.ж. 19 наурызда Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының үкімімен Үмбет 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!