Шымкентте көлік газ құбырына соғылып, мыңдаған тұрғын газсыз қалды
© Фото: pixabay
2025 жылғы 13 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласында газ құбырына зақым келтірумен байланысты апат орын алды. Оқиға орнына Абай ауданының полиция қызметкерлері шақырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Otyrar басылымының жазуынша, 13 қыркүйек күні сағат 00:27-де апатты-диспетчерлік қызмет пультіне Абай даңғылы мен Асқаров көшесінің қиылысында газ құбырының бүлінгені туралы хабарлама түскен.
"Апаттық бригада оқиға орнына жедел жетіп, Mercedes маркалы автокөліктің жоғары қысымды жер үсті газ құбырына соғылғанын анықтады. Мамандар дереу газдың таралуын тоқтатып, Қалдыаяқов көшесі бойындағы құдықтағы жапқышты жапты", – деп хабарлайды басылым.
Апат салдарынан мыңдаған абонент уақытша газсыз қалды
Бұған дейін Алматының төменгі бөлігінде ерлі-зайыпты жол апатына ұшырағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:02, 21 қыркүйек 2026
Күзетшіні жұмыс орнында аяусыз ұрып кеткен: қайғылы оқиғаның сұмдық жай-жапсары анықталды
-
18:47, 21 қыркүйек 2026
Желіде танысқан ер адаммен кездескен оқушы ауруханаға түсті: Ақтөбеде атышулы іс тергеліп жатыр
-
18:42, 21 қыркүйек 2026
Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Азия ойындарының плей-офф кезеңіне шықты
-
18:24, 21 қыркүйек 2026
Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды
-
18:21, 21 қыркүйек 2026
«Қазгидромет» 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады





