Шымкентте Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рахымовты еске алды
© Сурет: chtobipomnili.uz, wikimedia
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж аты аңызға айналған генералдың туғанына 123 жыл толуына орай бірқатар шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сабыр Рахымов Түркістан әскери округінде қызмет етіп, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кавказда, Белоруссияда және Ростов облысында шайқастарға қатысты.
1943 жылы жауынгерлік ерлігі үшін генерал-майор атағын алды. 1945 жылы наурызда Гданьск маңындағы шайқаста қаза тапты. 1965 жылы ерен еңбегі мен көрсеткен ерлігі үшін Сабыр Рахымовқа (қаза тапқан соң) Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Сурет: "1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінің Фотонегативтері"жинағынан
Бүгін 2025 жылғы 14 ақпанда Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж аты аңызға айналған генералдың туғанына 123 жыл толуына орай бірқатар шаралар ұйымдастырды. Аталмыш шараға оқу орнының, әскери-техникалық мектептің жеке құрамы және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.

Сурет: gov.kz
Әскери колледж бастығы полковник Мақсат Ахшалов Сабыр Рахымовтың айрықша еңбегін атап өтті. Тұңғыш қазақ генералының есімі мәңгі жадымызда қалу үшін оқу орындарына, көшелер мен мектептерге аты беріліп, батырға ескерткіштер орнатылды.

Сурет: gov.kz
Іс-шаралар Сабыр Рахымов дүниеге келген Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Көкібелі ауылында да өтті. Оның есімімен аталатын орта мектепте әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Оқушылар өздері шығарған өлеңдерін оқып, Сабыр Рахымовтың жауынгерлік жолындағы маңызды сәттерді бейнелейтін театрландырылған қойылым көрсетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





