Шымкентте газдан уланған жасөспірім көз жұмды

14:46, 16 қараша 2018

Шымкентте газдан уланған 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Қайғылы жағдай бүгін түнде қаладағы мөлтекаудандардың біріндегі көпқабатты үйде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық газ таратушы мекеменің хабарлауынша, бүгін түнгі сағат 02:49-да кезекші бөлімге пәтерлердің бірінен жасөспірімнің иістен уланып қалғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына түнгі сағат 3:22-де жеткен авариялық бригада қызметкерлері пәтердің лоджиясынан 2003 жылғы өлі жасөспірімді тапқан.

Үйді қарау барысында су жылытқыш пешінің қосулы тұрғаны және одан газдің иісі шығып тұрғаны белгілі болды.

Мамандар сондай-ақ пәтердің лоджиясына су жылыту пешінің талаптарға сай емес етіп қойылғанын анықтады. Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың себеп салдары анықталып жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!