Алматыда жол бойында асылулы күйдегі ер адамның денесі табылды
© Сурет: polisia.kz
Алматының Индустриалды аймағында ер адамның денесі табылды. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның денесі электр беру желілері ішіндегі темірде ілулі тұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желідегі хабарлама авторы ер адамның қолдары артына қайырылып, байлаулы болғанын айтып, оны өлтіріп кеткен деп болжайды.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ZAKON.kz тілшісіне аталған ақпаратты растады: "Бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Істің мән-жайы мен мотиві айқындалуда".
Бұған дейін желіде Алматы облысының Қызыл Қайрат елдімекенінде қараусыз қалған кірпіш зауыты ғимараты жанынан әйелдің денесі табылғандығы туралы ақпарат жарияланған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі марқұмның 56 жастағы әйел екенін растады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 21 желтоқсан 2024
«Боран соғып, қар бұрқасындатады». 22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүреді
-
17:32, 21 желтоқсан 2024
Бағаны тұрақтандыру: Павлодар билігі тауар өндірушілермен келісімге отырды
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды