Шымкент тұрғыны туысқандарының баласын бірнеше рет зорлады деп айыпталуда
© Фото: Zakon.kz
Шымкентте екі баланы зорлады деген күдікпен қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Адам құқығын қорғаушы Ляззат Ракишева Threads желісінде жазғандай, Шымкент тұрғынының бірі олардың қорына хабарласып, ұлын туысқаны зорлағанын айтқан.
"Әйелдің айтуынша, ол перзентханада болған кезеңде 9 жасар ұлын бір аптадай туыстарына қалдырған. Сол күндер ішінде бір туысы үш күн қатарынан баланы зорлаған. Сонымен қатар, кеше анықталғандай, сол туыс әйелдің әпкесінің ұлын да бірнеше күн (шамамен бес күн) зорлаған. Қазір ата-аналар полицияға жүгінген, арыздар берілген. Балалар енді үнсіз қалғысы келмейді. Олар әділдік талап етеді және кінәлі адамның жазалануын қалайды. Бұрын бұл адам алаяқтық үшін сотталғаны белгілі. Біз тергеудің объективті жүргізілуіне және заңды баға берілуіне үміттенеміз", – деп жазды Ракишева.
Шымкент полиция департаментінің (ДП) баспасөз қызметі хабарлағандай, қала тұрғынының кәмелетке толмаған ұлына қатысты зорлық әрекеті туралы арызы бойынша қылмыстық іс тіркелген.
"Арызға сәйкес, оқиға 2021 жылы болған. Сотқа дейінгі тергеу аясында барлық қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Тергеу барысында куәлар мен іс үшін маңызды басқа адамдар тыңдалған, бар материалдар алынған және зерттелген. Барлық оқиғалардың жан-жақты, толық және объективті анықталуына бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақтауда жүкті әйелдерге қатысты алаяқтық жасаған бухгалтер сотталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:18, 2 сәуір 2026
Доллар бағамы неге төмендеп жатыр – экономистер түсіндірмесі
-
16:06, 2 сәуір 2026
Сенатор Жол қозғалысы ережелерін қатаңдатуды және тәртіпті жүргізушілерді ынталандыруды ұсынды
-
15:55, 2 сәуір 2026
Қазақстанда машина жасау саласын қолдаудың шаралары қайта қаралады
-
15:42, 2 сәуір 2026
2 сәуірдегі саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
15:34, 2 сәуір 2026
Қазақстандықтарға бала паспортына қатысты негізгі талап түсіндірілді





