ҚМДБ қоғамда дау тудырған уағызшыға қатысты мәлімдеме жасады

22:18, 1 сәуір 2026

© Сурет: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) соңғы уақытта уағызы қоғамда жиі талқыланып жүрген Құрбанәлі Ахметке қатысты мәліметтерге байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат 2026 жылдың 1 сәуірінде ҚМДБ-ның ресми сайтында жарияланды:

"Құрбанәлі Ахмет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымында қызмет етпейді. Діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқ. Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтындығын хабарлаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады. Қоғам арасында түрлі түсінбеушілік пен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу – баршамызға ортақ жауапкершілік", делінген хабарламада.

Айта кетсек, өзін ишан ретінде таныстырған Құрбанәлі Ахметтің Ютуб-тағы бағдарламалардың біріндегі сұқбаты қоғамда пікірталас тудырған болатын. Ол өз сұқбатында екінші әйелін шәкіртіне "сыйға бергенін" айтқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!