Ақмола облысында 24 жыл бұрын әйелді зорлап, қатыгездікпен өлтірген ер адам сотталды
© Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында әйелді зорлап, оны аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған 61 жастағы ер адамға қатысты 24 жылдан кейін сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылы 1 сәуірде облыстық соттың баспасөз қызметі 2002 жылы Ақкөл қаласында түнгі уақытта 37 жастағы И. масаң күйде жол бойында такси тоқтатып, үйіне жетпек болған 29 жастағы А-ны кездестіргенін, оны ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытып, жергілікті стадион аумағына алып барғанын хабарлады.
"Жәбірленушінің денесіне соққы жасап, темекімен күйдіру арқылы И. оны зорлаған, кейін жасаған қылмысын жасыру және жазадан жалтару мақсатында жәбірленушіні өлтірген. Адам өлтіруді ол аса қатыгездікпен жасаған, жәбірленушінің аузына шырша бүршіктері мен топырақ тығып, кейін мәйітті даладағы дәретханаға тастап, оқиға орнынан қашып кеткен. Сараптама қорытындысына сәйкес, А-ның өлімі тыныс алу жолдарының бітелуі салдарынан болған асфиксиядан туындаған", делінген сот хабарламасында.
Жаза тағайындауда сот И-дің бұрын бірнеше рет сотталғанын, қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын және аса ауыр қылмыс жасағанын ескерді.
Сот үкімімен И-ға 22 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Сондай-ақ сотталғаннан жәбірленуші тараптың пайдасына 10 млн.теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді.Сонымен қатар, И.-ға жазасын өтеу орнында "алкогольді тұтынумен байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардан" мәжбүрлі ем тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Қазақстанда көпбалалы әйел адам саудасымен айналысқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:25, 1 сәуір 2026
Түркістан облысында іздестіріліп жатқан жасөспірім аман-есен табылды
-
19:57, 1 сәуір 2026
Ақтөбе облысында жоғалған 10 жасар бала әлі табылмай жатыр
-
19:52, 1 сәуір 2026
Алимент төлемей жүрген өскемендік көлігінен айырылды
-
19:44, 1 сәуір 2026
Алматы орталығындағы мейрамханалардың бірінің террасасы бұзуға жатқызылды
-
19:30, 1 сәуір 2026
Қарағанды облысында шариғат жолымен кәмелетке толмаған қызды жар еткен ер адам сотталды





