Астанада мигранттарды жемқорлық көзіне айналдырған топтың жолы кесілді

18:47, 1 сәуір 2026

© Фото: zakon.kz

Бас прокуратураның баспасөз қызметі елімізде шетелдіктердің Қазақстанда болуын заңдастыруға заңсыз жәрдемдесумен айналысатын топтың қызметін тыйғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Орталық Азия елдерінің 5 мыңнан астам азаматы ақшалай сыйақы үшін жұмысқа рұқсат, уақытша тұруды тіркеу және елде болу мерзімін ұзарту қызметтерін алған.

"Қылмыстық схемаға Көші-қон қызметінің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Астана қаласындағы филиалының қызметкерлері және заңсыз әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар басқа да тұлғалар кірген. Күдіктілердің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша сараланады: 366-бап (пара алу), 367-бап (пара беру), 368-бап (парақорлыққа делдал болу), 394-бап (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру), 190-бап (алаяқтық)", делінген хабарламада.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұған дейін Жамбыл облысында халықаралық іздеудегі күдікті ұсталғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!