Шымкент қалалық мәслихатына бір мандатты округтер бойынша өткендер кімдер

21:55, 24 наурыз 2023
172

© Сурет: Zakon.kz

Шымкент қалалық мәслихатына бір мандатты округтер бойынша өткендердің тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Исхахов Талғат, 1968 жылы туған, "Бал Текстиль" ЖШС директоры, "Amanat" партиясы;

Нұрсұлтан Балабиев, 1991 жылы туған, "Самал Транзит" ЖШС директоры, "Amanat" партиясы;

Мұрат Жолдыхожаев, 1987 жылы туған, Шымкент қаласы бойынша "Жекпе-жек" ұлттық спорт федерациясы" қоғамдық бірлестігінің президенті, өз-өзін ұсынушы,

Күрпебаев Нұралы, 1977 жылы туған, "ПК-ЮГ" ЖШС директоры, өз-өзін ұсынушы;

Сұлтанова Төреайым, 1963 жылытуған, жеке кәсіпкер, "Amanat" партиясы;

Қожамжарова Дариякүл, 1962 жылы туған, М.Әуэзов атындағы ОҚУ ректоры, "Amanat" партиясы;

Әбішев Бөкейхан, 1990 жылы туған, "Бөрте милка" ЖШС-ның бас директоры, "Amanat" партиясы;

Қалмұратов Мұратәлі, 1977 жылы туған, "Amanat" партиясының атқарушы хатшысының орынбасары;

Нұрлыбаев Асхат, 1990 жылы туған, "PRO GROUP" компаниясының тең құрылтайшысы, оның құрамына төмендегі дүкендер желісі кіреді: "SportNation» «Professionale". Сонымен қатар, Joma LTD, USUPSO KZ, Bellas, Mirai LTD компанияларының тең құрылтайшысы, Respublica партиясы;

Байкен Әшірбаев, 1970 жылы туған, "Firkan Retail Graup" ЖШС директорының кеңесшісі, "Amanat" партиясы;

Молдабек Асқар, 1981 жылы туған, "Заңғар Тренд" ЖШС-ның құрылтайшы, өз-өзін ұсынушы;

Марат Өтемісов, 1977 жылы туған, "Bereke Bank" АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша директоры, өз-өзін ұсынушы;

Сулайманов Лазиз, 1980 жылы туған, ЖШС "А.Құнанбаев" мектебінің бас директоры, "SOUTHALUPLAST" ЖШС-ның директоры, "Amanat" партиясы;

Шыңғыс Қозбахов, 1984 жылы туған, "ЮГОЙЛPRO" ЖШС-ның директоры, "Amanat" партиясы;;

Қуашбаев Дулат, 1988 жылы туған, "Болашақ" ЖК директоры, "Ақ жол" ҚДП;

Керімжанова Мерлана, 1986 жылы туған, ҚР Экология геология және табиғатты қорғау министрлігінің Су ресурстар комитетінің РМК "Қазсушар" Түркістан филиалының директоры, "Amanat" партиясы;

Бұған дейін Қостанай, Семей және Тараз мәслихаттарына бір мандатты округтер бойынша кімдер өтетіні белгілі болды.

19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. 20 наурызда Орталық сайлау комиссиясы алдын ала нәтижелерді жариялады, оған сәйкес, Мәжіліске алты партия өтті: Amanat, "Ауыл", Respublica, "Ақ жол", "Қазақстан Халық партиясы" және ЖСДП.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!