Шымкент халықты баспанамен қамтуда рекордтық көрсеткішке жетті
© Фото: Zakon.kz
Биыл Шымкентте 9 634 пәтер беру жоспарланған. Оның 4 646-сы – жалдамалы, 4 988-і – несиелік тұрғын үй. Бұл ел бойынша рекордтық көрсеткіш.
Қалада соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы қарқын алып, баспана кезегінде тұрған азаматтарды пәтермен қамту жұмысы жүйелі түрде жалғасып келеді.
Жыл басынан бері 4 144 отбасы жаңа баспаналы болды. Оның 2 386-ы несиелік бағыттағы баспанаға қол жеткізді. Олардың қатарында 1 035 көпбалалы отбасы, 120 жетім бала, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 647 азамат және бюджеттік мекемелердің 584 қызметкері бар.
Ал жалдамалы тұрғын үймен 1 758 отбасы қамтылды. Оның ішінде 78 көпбалалы отбасы, 317 жетім бала және әлеуметтік осал топтар санатындағы 1 363 азамат бар.
Пәтер кілттерін табыстау рәсімі биыл ақпан айынан бастап қала әкімінің қатысуымен апта сайын тұрақты өткізіліп келеді. Орта есеппен әр аптада 80–100 отбасы баспаналы болуда.
Жаңа тұрғын үйлер негізінен Бозарық, Асар-2 және Тұран шағынаудандарында орналасқан. Құрылыс барысында тұрғындардың қауіпсіздігіне, қолайлы өмір сүруіне және аулалардың сапалы абаттандырылуына басымдық берілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:27, 25 қараша 2026
Тұмау мен ЖРВИ: Қазақстанда мектептер мен балабақшаларда жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізуге шектеу қойыла ма
-
16:13, 25 қараша 2026
Алматы метросында оқ толы оқжатар алып жүрген жігіт ұсталды
-
16:08, 25 қараша 2026
АҚШ-та бөгдеғаламшарлықтардың адамдар арасында өмір сүріп жатқаны туралы мәлімдеме жасалды
-
16:00, 25 қараша 2026
Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» жобасын бастады
-
15:52, 25 қараша 2026
25 қарашадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл төмендеді





