«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында турист жарақат алды
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында жарақат алған туристке 2025 жылы 11 қазанда ТЖМ құтқарушылары көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылы 11 қазанда "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3000 метр биіктікте Қытай Халық Республикасының 1973 жылы туған азаматшасы тау баурайымен сырғанау кезінде белін ауыртып алып, өздігінен жүре алмай қалған.
"Оқиға орнына ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты. Құтқарушылар оқиға орнына аспалы жол арқылы көтеріліп, "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының құтқарушыларымен бірлесіп зардап шеккен әйелге алғашқы көмек көрсетіп, кейін оны зембілмен төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", делінген хабарламада.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бұған дейін Жетісу облысында полицей түтін басқан үй ішінде ес-түссіз қалып кеткен ер адамды құтқарғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:31, 21 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
-
14:25, 21 қыркүйек 2026
Инватакси және автобуста балалар арбасын тасымалдау: қандай талаптар сақталуы керек
-
14:14, 21 қыркүйек 2026
Маңғыстауда 44,5 келі бекірені заңсыз тасымалдаған жүргізуші ұсталды
-
14:08, 21 қыркүйек 2026
Астана, Алматы және Шымкентте 22-24 қыркүйекте ауа райы қандай болады
-
13:57, 21 қыркүйек 2026
Триатлоннан гимнастикаға дейін: 21 қыркүйекте Азия ойындарында қазақстандық спортшылар өнер көрсетеді





