Маңғыстауда 44,5 келі бекірені заңсыз тасымалдаған жүргізуші ұсталды
© Фото: Zakon.kz
17 қыркүйекте "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдау фактісінің жолын кесті.
Демалыс орындарының біріне жақын маңдағы тасжолда Toyota Camry автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында жүксалғыштан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген бекіре тұқымдас балықтың 10 данасы анықталып, тәркіленді. Олардың жалпы салмағы 44,5 келіні құрады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тәркіленген балықтар сот сараптамасына жолданды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Маңғыстау облысының полиция департаменті сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, тасымалдау және өзге де заңсыз айналымға енгізу заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:23, 21 қыркүйек 2026
Әкімдіктердің бағалы қағаздар шығару тәртібі өзгерді
-
15:12, 21 қыркүйек 2026
Доллар бір жылда 95 теңгеге арзандады: теңгені не нығайтып тұр
-
15:04, 21 қыркүйек 2026
Қуанышбек Үштаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды
-
14:40, 21 қыркүйек 2026
Қазақстан аумағында әскери техника қозғалады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
-
14:31, 21 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады





