Шу ауданында өндірілген мақсары майына сұраныс артып келеді

20:21, 24 қараша 2018

Шу ауданында өндіріліп жатқан табиғи таза мақсары майына шетелдіктердің сұранысы артып келеді. Биылдың өзінде кәсіпорын 30-тоннадан астам өнімді Жапонияға жөнелтті, деп жазады “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Шу ауданындағы "Kaz-Ir AGRO" ЖШС 2011 жылы ашылған. Мақсары майын өндіру үшін серіктестік Германиядан жоғары технологиялық қондырғылар әкеліп орнатқан болатын. 8 гектар алқапты алып жатқан кәсіпорынның құрамында май цехі , астық және майлы дақылдарды өңдеуге және сақтауға арналған астық қабылдау пункті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникалары бар.Осыған дейін дайын өнім Қытай мен Бельгияға тасмалданса биыл күншығыс еліне жіберіліпті.

– Қазіргі таңда 400 тонна мақсары майын экспорттадық, біз "Қазақэкспорт" компаниясымен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Олар сенімді компания, біздің жобаны кепілдендіріп, екі жүз миллион теңгеге сақтандыру қорғанысын берді және өнімді шетелдік клиенттерге сатуға көмектесіп жатыр, – дейді "Kaz-Ir Agro" ЖШС бас директоры Хамидреза Алинагиян.

Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 3000 литр май өндіру. Тұрақты жұмыс орындарымен 60 адам қамтамасыз етілген. Жұмысшылар арнайы курстардан өткен, күрделі техниканы оңай басқара алады.

Зауыт салқындатылған сығу технологиясын қолдануымен ерекшеленеді. Бұл мақсары майының құрамындағы дәрумендер мен пайдалы элементтердің жойылмауы үшін таптырмас әдіс. Сондықтан шет елдерден келетін сұраныс жылдан жылға артып отыр. Компания бүгінгі таңда Нидерландқа мақсары майын жеткізу үшін бір жылдық келісімшартты жасау жөнінде келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар, мақсары майы Қытай, Чехия, Жапония, Ресей және Өзбекстан елдеріне экспорттал.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!