ШҚО-дағы атақты шипажай мемлекетке қайтарылды

21:43, 28 тамыз 2024

© Сурет: Telegram/shko

"Рахман қайнары" шипажайы электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың балансына өтті. Бұл туралы ШҚО әкімдігі мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, электронды сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.

"22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ", - деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, "Рахман қайнары" шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор - ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!