ШҚО-да 51 жастағы ер адам тірідей жанып кетті

11:17, 9 қазан 2018

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Серебрянск қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен шыққан өртте 51 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Құтқару жасағының қызметкерлері жеткенге дейін лапылдаған от үйдің шатырына дейін шарпып үлгерген екен. Олар қызыл жалынды бір жарым сағатта әрең дегенде ауыздықтаған. Тілсіз жау жалмаған аумақ 110 шаршы метрді құрайды.

Мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтамау себебінен осындай жағдай орын алуы мүмкін деген болжам жасауда. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!