ШҚО-да дөрекі ауыл әкімінің әрекеті Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын болды
© Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы ауыл әкімі жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында балағат сөздер айтқан. Әкімнің бұл теріс қылығы облыс әкімдігінің назарына ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздерге жол берген Зайсан ауданындағы ауыл әкімінің видеосы анықталды. Видеодан Шілікті ауылдық округі әкімінің жергілікті тұрғындармен өте дөрекі сөйлесіп, тіпті балағат сөздер де айтқанын көруге болады.
"Осы фактіге байланысты ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолдады. Онда қызметтік әдеп нормаларының бұзылу мәселесі қаралады. Мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс", делінген облыстық әкімдік хабарламасында.
Облыс басшылығы былапыт сөз қолдануға, әдепсіз қылық танытуға түбегейлі қарсы екендерін айтып, осы ретте, этикалық нормаларды бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатаң жаза қолданылатынын ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:22, 7 қараша 2025
Халықаралық мектеп мәртебесі жаңа тәсілмен берілетін болады
-
14:17, 7 қараша 2025
Зейнетақы жинақтарына сатып алынған баспананы сатуға шектеу қойылмайды
-
14:07, 7 қараша 2025
Қазақстанға кімдердің кіруіне тыйым салынады – ІІМ түсіндірмесі
-
13:55, 7 қараша 2025
2026 жылы газдандыруға қосымша қаражат бөлінеді
-
13:49, 7 қараша 2025
Банктердің кепілдік қорына жарналарын есептеу ережесі бекітілді





