ШҚО-да азаматтарды мобильді топтар тіркеуге ала бастады

23:00, 20 қаңтар 2017

Шығыс Қазақстан облысында азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуі жеңілдей түсті. Аймақта жедел-мобильді топтар құрылды.

Қазір Өскеменде осындай үш, Семей мен Аягөзде бір-бір топтан жұмыс істеп жатыр. 

Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары тұрғындар көп шоғырланған аумақтардағы сауда нүктелерінде азаматтарды тіркеп, түсіндіру жұмыстарын  жүргізеді. Бұл әсіресе жасы егде адамдар үшін қолайлы. 

Мамандар жоғарғы оқу орындарының студенттерін жатақханаларға барып тіркеуге алуда. 

Жалпы қаңтардың алтысынан бері облыста 14 мыңға жуық адам тұрақты, ал 9 мыңнан астам азамат уақытша тіркеуге тұрды. 

Айта кетейік, мобильді топтар электрондық қолтаңбаны да қолма-қол беріп жатыр. 

Азамат Рахымжанов, облыстық ХҚКО директорының орынбасары  

-Үйдің иесінде электрондық қолтаңба болу керек. Тіркелетін адамда да электрондық қолтаңба болса, электронды портал арқылы 5-10 минутта тіркеуге отыруға болады. Болашақта өзін-өзі басқару комитеттерінде сондай мобильді  топтар шығару кестесін жасап жатырмыз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!