Шетелге шыққан Қазақстан азаматтарын аңду. Желіде тағы бір фейк тарады

11:08, 21 мамыр 2022

© Сурет: Zakon.kz

Әлеуметтік желіде төлқұжаттың сыртқы қабын жыртқан ер адамның видеосы көптеп таралуда. Автордың айтуынша, оның арасында шетелге шыққан ел азаматтарын бақылайтын микрочип бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ stopfake.kz-ға түсіндіріп өткендей, ҚР азаматтарының төлқұжаттарындағы чиптер бақылау үшін емес, құжат иесі туралы ақпаратты сақтау үшін пайдаланылады.

Қазақстанда электрондық паспорттар, сондай-ақ микросхемасы (чипі) бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Электрондық құжаттар ICAO халықаралық стандартының (DOC 9303 стандарты) барлық талаптарына сәйкес келеді. Чип азамат туралы Жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Құзырлы ведомства атап өткендей, төлқұжаттардағы микросхемалар шекара өткізу пункттерінен өтуді жеңілдету және басқа елдердің паспорттық-визалық бақылауы және құжаттарды қолдан жасау мүмкіндігін болдырмау үшін қажет.

Төлқұжаттарда электрондық чип Қазақстан Республикасының азаматы паспортының мұқабасы мен төсемінің арасында орналасады және паспорттың иесі туралы ақпараттың электрондық тасымалдаушысы болып табылады, онда қорғалған цифрлық форматта азаматтың дербес деректері (Тегі, Аты, Әкесінің аты, күні, туған жері, жылы), ЖСН, фотобейнесі және электрондық цифрлық қолтаңба жазылады, – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Мұндай микросхемалар АҚШ, Канада, Еуроодақ, Қытай, Жапония, Малайзия, Сингапур, Австралия, Балтық елдері және ТМД сияқты бірқатар басқа елдерде де қолданылады.

Демек, Қазақстан паспорттарында бақылау құрылғылары бар деген ақпарат – өтірік.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!