Путинцева Страсбургтегі танымал турнирде финалға шыға алмады

11:25, 18 мамыр 2026

© Сурет: Instagram/yulia_putintseva

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 77-орын) Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің іріктеу финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, негізгі кезеңге жолдама сарапқа салынған матчта Путинцеваның қарсыласы Украина өкілі Александра Олейникова (68-орын) болды.

Қазақстандық теннисші екі сетте де 4:6, 4:6 есебімен қарсыласына есе жіберді. Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды. Осылайша, Юлия Путинцева турнирдегі өнерін аяқтады, ал қарсыласы жарысты жалғастырып, жүлде үшін таласады.

Страсбургтегі WTA 500 турнирі 17-23 мамыр аралығында өтеді. Жеңімпаз 161 310 еуро көлемінде сыйақы алып, рейтингіне 500 ұпай қосады.

Айта кетейік, өткен жылы бұл турнирдің чемпионы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина атанған болатын.

Бұған дейін WTA рейтингінде 77-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Парижде өтіп жатқан WTA 125 сериялы турнирдің ширек финалында аяғындағы жарақатына байланысты ойнамайтын болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!