Шет елдерде Наурыз мерекесін тойлау басталып кетті

22:24, 17 наурыз 2017

Қытай астанасы Бейжіңде де шуақты көктем мейрамы айрықша аталып өтті. Шет елдік меймандар қазақтың салт-дәстүрімен танысып, жылы лебіздерін білдірді. Тұсау кесу рәсімін тамашалап, киіз үй жабдықтарына қайран қалысты.

Көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігі еуропалықтарға қашаннан қызық әрі таңсық. 

Оңтүстік Америкадағы Суринам Республикасының өкілі Оливера Пинас киіз үй, қазақтың дәстүрі туралы мәліметтерді мұқият тыңдап, ерекше қызығушылық танытты. 

Өйткені көп ұзамай Қазақстанға жол жүрмек. Сондықтан қазақ халқына қатысты ақпараттарды жиі оқиды. Енді міне, Наурыз мерекесі туралы түсінігін кеңейтті. 

Оливера Пинас, Қытайдағы Суринам Республикасы Елшісінің жұбайы:

-Маған барлығы таныс болып тұр. Өйткені Қазақстан өнерпаздары ұйымдастырған концертте болғанмын. Бүгін Астана ЭКСПО видеосын көрдім, оны тамашалауға тезірек барсам деймін. Күйеуім таяуда Қазақстанға Елші болып барады. Мен де жолға дайындалып жатырмын. 

Бейжіңдегі шетелдік дипломатиялық миссияның өкілдері, іскер қыз-келіншектер Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған мерекелік шарада бас қосты. Қонақтар Астана ЭКСПО туралы фильмді тамашалап, әз-Наурыздың мәні мен мағанасын түсінді. Тұсау кесу рәсіміне куә болды. 

Қытайдағы Литва Республикасының Елшісі Инна Марчулионитэ қазақтың тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрмен тереңірек танысып, рухани ләззат алғанын айтады. 

Инна Марчулионитэ, Қытайдағы Литва Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі:

-Өте жақсы көрсетіп, таныстырды. Меніңше осында тұратын барлық әйелдер Қазақстан туралы көбірек біліп, сіздерде өтетін үлкен шара туралы мол ақпарат алды. Қазақстан туралы түсініктері кеңейіп қалды деп ойлаймын. 

Меймандар Наурыз көжеден дәм татып, жайылған мол дастарханға тамсанып жатты. Әдетте әп-сәтте таусылатын қазының ғана шеті бұзылған жоқ. Қалған ұлттық тағамдар тез желінді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!