Ақтауды мұнайдың өткір иісі басты: тұрғындар дабыл қағуда
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтауда экология департаментінің мамандары жағымсыз иістің көзін іздеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz басылымы 2025 жылғы 15 желтоқсанда сағат 23:00 шамасында қаланы жағымсыз иіс басқанын жазған болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауада мұнай өнімдерінің иісі сезілген.
Осыған орай, 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мен Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бірлесіп қала аумағынан және қала маңындағы елді-мекендерден атмосфералық ауаға мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг нүктелері "Рекон-Ақтау" ЖШС; "Oil Transshipment" ЖШС; "КазАзот" АҚ; Ақтау промзона-6/114; "КАЗпол" ЖШС аймақтары.
Ведомство алынған сынама нәтижелері бойынша атмосфералық ауада шекті рауалды концентрациядан (ШРК) артулар байқалмағанын атап өтті. Мониторинг жұмыстары жалғасуда.
Бұған дейін Қонаев қаласында қатты жел салдарынан төтенше жағдай жарияланатынын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:58, 3 наурыз 2026
Қазақстанда тағы бір дәрі-дәрмекті қолдануға тыйым салынды
-
09:45, 3 наурыз 2026
ЕАЭО-да ет импорты бойынша жаңа кеден жеңілдіктері енгізілді
-
09:36, 3 наурыз 2026
Жеті жылда Қазақстанда ондаған мың километр жол жаңартылды
-
09:26, 3 наурыз 2026
Алтын, мыс, сирек металдар: Қазақстан геологиялық барлауға шамамен 240 млрд теңге инвестиция салады
-
09:16, 3 наурыз 2026
Алматы тау кластерінің туризмін дамыту жоспары 2029 жылға дейін бекітілді





