Шерзат ісі: Сот үкімімен келіспей, мінез танытқан сотталғандардың бірінің туысы жазаға тартылды
© Сурет: Telegram/Jogargy-sot
Талдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі жарияланды. Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі сот шешімі жарияланғаннан кейін үкімімен келіспеген сотталғандардың туыстары қоғамдық тәртіпті бұзуға тырысқанын хабарлады. Салдарынан олардың бірі жазаға тартылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, олардың бірі — әйел адам балағат сөздер айтып, агрессия танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Полиция сот отырысы өткен зал мен оның айналасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етті. Полиция департаменті құқық үстемдігіне ешқандай қысымға жол берілмейтінін ескертеді. Сот шешімдерінің орындалуына кедергі келтіру, сотқа құрметсіздік таныту немесе жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттері заң шеңберінде қатаң түрде тоқтатылатын болады. Жазаның бұлтартпау қағидаты — құқықтық мемлекеттің берік негізі". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Айта кетсек, 2025 жылдың 5 маусымында Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды.
Қайғылы оқиға 2024 жылғы қазанның 3-інен 4-іне қараған түні Талғар қаласындағы "Қамажай" дүкенінің маңында болған. Басты сот талқысы 2025 жылдың 17 сәуірінде басталып, екі айға жуық уақытқа созылды. Зардап шеккендер ретінде марқұмның туыстары: әжесі Жұмабике Қадірова, әкесі Қаржаубай Нұрымов және анасы Гүлбара Бишімбиева танылды. Рысқұлово ауылының тоғыз тұрғыны айыпталып, сотқа тартылды. Абзал Шынасыл 23 жылға, Равиль Сакиев 20 жылға, Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Ілиясов 9 жылға, сондай-ақ Әскентай, Тоқтаубаев, Белғожаев және Қалиахмет 7 жыл жазаға кесілді. Жәбірленуші тарап кешірім бергеніне қарамастан кәмелетке толмаған Ысқақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





