Шекарада 5 мыңнан астам заң бұзушы ұсталды: ҰҚК маусым айының қорытындысын жариялады
© Фото: unsplash
2026 жылғы 1 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің маусым айындағы жұмысының қорытындылары белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, есепті кезеңде шекара аймағында Қазақстан заңнамасын бұзған 5281 адам ұсталған. Оның ішінде 4493-і – шетел азаматы.
Сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы жалпы құны 4,3 млрд теңгені құрайтын тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1476 әрекетінің жолы кесілген.
Тәркіленгендердің қатарында:
- есірткі заттары – 32 дерек;
- қару-жарақ пен оқ-дәрі – 66 дерек (84 суық қару және 44 оқ-дәрі);
- жанар-жағармай материалдары – 708 дерек, жалпы көлемі 45 тоннадан астам, құны 13,6 млн теңге;
- халық тұтынатын тауарлар – 489 дерек, жалпы құны 2,1 млрд теңгеден асады;
- валюта – 181 дерек, жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден астам.
Сонымен қатар Каспий теңізінің акваториясында 27 браконьерлік деректің жолы кесілді. Заңсыз айналымнан ұзындығы 24,7 шақырым болатын браконьерлік аулау құралдары және жалпы салмағы 658 келі болатын 94 бекіре тұқымдас балық тәркіленді.
Алдын алынған жалпы залал көлемі 285 млн теңгеден асты.
Өз құзыреті шегінде Шекара қызметі 50 қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта олар бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Сондай-ақ өндірісте 3526 әкімшілік іс бар. Олар бойынша жалпы сомасы 36 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қалған анықталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды.
Еске салайық, 2026 жылғы 12 маусымда Түркістан облысында ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен полициямен бірлесіп қылмыстық топтың қызметін тоқтатқан болатын. Тергеу мәліметіне сәйкес, топ мүшелері ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне мемлекеттік шекарадан өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдету үшін заңсыз делдалдық қызмет көрсетуді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 1 шілде 2026
Олжас Бектенов инфляцияны төмендету жұмыстарын қатаң бақылауды тапсырды
-
13:00, 1 шілде 2026
Қазақстанда кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО мекенжайлары өзгерді – тізім
-
12:52, 1 шілде 2026
1 шілдедегі Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
12:42, 1 шілде 2026
Қазақстан 2026 жылы 55 миллиард доллардан астам инвестиция тартуды жоспарлап отыр
-
12:31, 1 шілде 2026
Құрылтай депутаттарына қызметтік тұрғын үй беріледі





