Олимпиада-2026: шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті

09:07, 15 ақпан 2026

© Фото: zakon.kz

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шорт-тректен әйелдер арасындағы 1000 метр қашықтықта іріктеу сайысы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қашықтықта Қазақстан құрамасының атынан Ольга Тихонова өнер көрсетті.

Отандасымыз іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 1:31.771 уақыт көрсеткішін тіркеп, өз тобында төртінші орынға тұрақтады. Осылайша ол ширек финалға өте алмады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!