Оралда алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегі анықталды

12:17, 15 ақпан 2026

© Сурет: polisia.kz

Орал қаласы полиция басқармасының Абай аудандық полиция бөлімінің құқық қорғау қызметкерлері заңсыз кәсіпкерлік қызмет көрсету фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру нәтижесінде қала аумағындағы дәмханалардың бірінде алкоголь өнімдері тиісті рұқсат құжаттарынсыз сатылып келгені белгілі болды.

Заңсыз айналымнан 77 арақ-шарап өнімі, 73 сыра өнімі тәркіленді.

Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Іс материалдары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес сот қарауына жолданатын болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!