Шалдардың басын айналдыратын мына келіншекке іздеу салынды

10:33, 19 тамыз 2019

Жамбыл облыстық полиция департаменті бірнеше рет сотты болған Жамбыл облысының тумасы Айгүл Ниязованы бірқатар алаяқтыққа қатысы бар күдікті ретінде іздестіруде, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, ол егде жастағы жалғызбасты еркектердің сеніміне кіріп, олармен некелескен болып, содан кейін басындағы түрлі проблемасын үйіп-төгіп, қарызға деп үлкен сомада ақша алып, табанын жалтыратып отырған. Көбіне ақшаны туысының пәтер жалдауы үшін керек болып тұр еді немесе мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алғалы жатыр еді деген секілді сылтаумен иемденген.

Оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға да қатысы болуы мүмкін.

- Егер осы адамды көрген-білген немесе оның тұрған жерін білетіндер болса, сол секілді одан зардап шеккендер болса, онда Жамбыл облыстық полиция бөлімінің мына телефондарына хабарласыңыз: 8 (7262) 43-05-22, 43-06-78, 997121 немесе 102, - делінеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!