Шахтинскідегі көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылып, 8 адам зардап шекті

11:51, 23 наурыз 2026

© Сурет: Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті

2026 жылғы 23 наурызға қараған түні Шахтинск қаласында тұрмыстық газ баллонынан газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шықты. Оқиға салдарынан 8 адам, оның ішінде 5 полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін 4 минут ішінде оқиға орнына жеткен. Барған кезде пәтердегі жиһаз бен тұрмыстық заттардың жанып жатқаны анықталған.

Құтқарушылардың күшімен баспалдақ арқылы жоғарғы қабаттардан 5 адам эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды сыртқа шығарған, қалған тұрғындар ғимараттан өз бетінше шыққан.

"Тұрғындар үшін ТЖМ-нің вахталық көлігі арқылы жылыту ұйымдастырылып, сондай-ақ жылыту пункті ашылды. Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті, оның 5-еуі – полиция қызметкері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!