Сәуірдің басындағы дүлей дауыл Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің шатырын ұшырып әкеткен
© Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Таугүл шағын ауданы тұрғындарынан маза кетті. Көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан сорғалап су ағып тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Хабар" телеарнасының жазуынша, сәуірде Алматыда болған қатты дауыл 53-інші үйдің шатырын ұшырып әкеткен. Тұрғындардың айтуынша, содан бері бір аптадан аса уақыт өтсе де қалпына келтіру жұмыстары әлі аяқталмаған. Ал кешегі жаңбыр жағдайды тіпті ушықтырған.
"Қазір 7 сәуірден бастап үйіміздің бәрін су алып кетті. Ол жерде КСК-дан үш тазалаушы, құрылысшылар судың бәрін төгіп жатыр. Басқа ешқандай жұмысшылар келген жоқ. Олар әлі материал жинап жүр. Материал алатын ақша жинап жүр. Пленканы өзіміз жаптық. Түске дейін жалынып жүріп 30 квартирамен акиматтан үш рулон сұрап алдық. Соны әрең сұрап алып жаптық". Ләззат Сатылханова, қала тұрғыны
Әкімдік мердігер компаниямен бірлесіп, дауылдан зақымданған үйлердің шатырын ауыстыру және қалпына келтіру жұмыстарын өз мойнына алғанын хабарлады. Алайда ауа райының қолайсыздығы жөндеу жұмыстарына кедергі келтіруде. Жаңбырдың салдарынан ескі құрылымдарды бұзып, жаңа шатыр жабындысын орнатуға мүмкіндік болмай тұр,-дейді әкімдік өкілдері.
Бұған дейін Шығыс Қазақстанда жеті баласына алимент төлемеген әйел жауапқа тартылғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 20 желтоқсан 2025
Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады





