Сербияда жаппай наразылықтардан кейін ел премьер-министрі отставкаға кетті
© Сурет: wikipedia.org
Сербия парламентінің депутаттары ел премьер-министрі Милош Вучевичтің отставкаға кетуін талап етіп, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сербияның радиосы мен телевидениесі" мәліметінше, жергілікті парламент Конституцияның 132-бабына сәйкес, премьер-министрдің отставкасын қабылдады, яғни Милош Вучевич үкіметінің өкілеттігі ресми түрде аяқталды. Сербия жаңа үкіметті құруға 20 наурызда кіріседі.
"Енді Сербияда жаңа үкімет 18 сәуірге дейін құрылуы керек. Әйтпесе, мемлекет басшысы парламентті таратып, осы күннен бастап 45-тен 60 күнге дейінгі мерзімде өтетін кезектен тыс сайлауды тағайындауы керек", делінген хабарламада.
2022 жылға дейін Вучевич Нови-Садтың мэрі болған. Оның басшылығы кезінде қаланың басты вокзалына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мұнда бетон жақтау құлаған болатын. Бұл оқиға үкіметке қарсы жаппай наразылықтың тууына сеп болды. 2 қарашада ел аза тұту күнін жариялады.
Бұған дейін Сербия премьер-министрі жаппай наразылықтардан кейін отставкаға кету туралы өтініш білдіргені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 19 сәуір 2026
Дәуірдің үніне айналған қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұхтар Шаханов өмірден өтті
-
17:47, 19 сәуір 2026
Елена Рыбакина Штутгартта чемпион атанып, Porsche көлігін иеленді
-
17:25, 19 сәуір 2026
Ұйытқыған жел, найзағай мен шаңды дауыл: 20 сәуірде Қазақстан бойынша 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
-
16:56, 19 сәуір 2026
Алматыдағы марафон шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты
-
16:25, 19 сәуір 2026
Сыр өңірінде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті





