Семейде сотталған азамат некесін қиды

18:43, 16 қаңтар 2025

© Сурет: polisia.kz

АХАЖ бөлімінің қызметкері арнайы қауіпсіздігі орташа мекемесіне арнайы барып, Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы" кодексіне сәйкес жастардың некесін қиды. 24 жастағы сотталған 20 жастағы сүйіктісімен отау құрды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотталған жазасын Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның №20 мекемесінде өтеуде. Сотталған мекемеге келген күннен бастап мекеме қызметкерлері тәрбие және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әңгіме барысында сотталған жүріп жүрген қызының бар екенін және үйленуді жоспарлағандарын айтып, мекеме қабырғасында неке қию шарттары туралы сұрады. Мекеме қызметкерлері неке қию жолдарын түсіндірді.

Отбасын құру көп жағдайда түзелу жолына түсуге себепші болады. Неке қию салтанатына мекеме қызметкерлері де қатысты. Мекеме бастығының орынбасары Серік Жапнгасканов жас отбасын құттықтап, отбасылық бақыт, тез бостандыққа шығуына тілектестік білдірді.

"Біз үш жыл бұрын танысқанбыз, кездесіп жүргеніміз туралы біздің ата-аналарымыз білді және үйлену тойына дайындық та басталып кеткен, тойға бір ай қалғанда мен бас бостандығымнан айырылдым. Енді 8 жылдан кейін ғана сүйгеніммен табысамын ғой деп қатты көңілі-күйім түсіп жүрген, сүйіктіммен заңды некемізді қиюға мүмкіндік берген мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз", - деді сотталушы.

2024 жылы Абай облысы бойынша 43 сотталған некелерін қиғызса, осы неке жаңа жылда алғашқы қиылған неке болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!