Семейде оқушыны жабыла сабағандардың бірінің анасы ата-ана құқығынан айырылды
© Сурет: unsplash
Абай облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ата-ана құқығынан айыру және шектеу туралы азаматтық істер қаралды. Шешім үш іс аясында қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылдың сәуір-мамыр айларында Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның талап арыздары бойынша үш азаматтық іс қаралды.
Кәмелетке толмаған баланы соққыға жыққан алты ата-ананың үшеуі комиссия шешіміне шағым түсірген. Қалған ата-аналарға қатысты сот отырыстары өткізіліп, мынадай шешімдер қабылданды:
- Кәмелетке толмаған қыздың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз қанағаттандырылды.
- Басқа бір кәмелетке толмағанның анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап ішінара қанағаттандырылды. Ал әкесіне қатысты — оны ата-ана құқығынан айырудан бас тарта отырып, тәрбиелеуге ұзақ уақыт бойы қатыспауы және алкогольді зиянды түрде тұтынуы ескеріліп, ата-ана құқығы шектелді.
- Аталған шешімдердің негізінде спирттік ішімдіктерге әуестік, әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылу, наркологиялық және полиция есебінде тұру, баланы тәрбиелеуге қатыспау секілді жағдайлар қарастырылды.
"Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан алимент пен мемлекеттік баж өндіріп алынды. Қыз балалар қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қарауында. Үшінші іс бойынша талапкер өкілі мен жауапкер тарап – кәмелетке толмаған баланың ата-анасының экстерриториялық соттылықты қолдану туралы өтініштері негізінде істі басқа облысқа жолдау туралы шешім қабылданды", делінген Абай облыстық сотының хабарламасында.
Сотпен қабылданған шешімдер кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың өмір сүруіне, тәрбиеленуіне және дамуына қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғаны нақтыланады.
Бұған дейін Семейде оқушы баланы аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына қандай жаза тағайындалғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 1 мамыр 2026
Қазақстан бойынша 2 мамырға дауылды ескерту жарияланды
-
17:36, 1 мамыр 2026
БҰҰ: Ормуз ашылмаса, инфляция шарықтайды
-
17:13, 1 мамыр 2026
Маңғыстау полициясында 50-ден астам ұлт өкілдері қызмет етеді
-
16:56, 1 мамыр 2026
Алматыда жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды
-
16:40, 1 мамыр 2026
Алматы ауа райы құбылмалы: жаңбыр, жел және кенет жылыну күтіледі





