Семейде аммиак селитрасы сақталған үлкен қойма өртенді

10:16, 22 маусым 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ

Семей қаласында түнде алапат өрт болды. Аммиак селитрасы және химиялық ұнтақ сақталған үлкен қойма отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызыл жалын жалмаған ауданның алдын ала көлемі - 1000 шаршы метр. Қойманың жалпы ауданы 4500 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке не түрткі екені айтылмайды.

ТЖМ күштерімен сағат 3:23-те өрт оқшауланды. Сағат 5:01-де өрт толығымен сөндірілді.

Айта кетсек, 20 маусымда ТЖМ күштерімен Іле-Балқаш табиғи резерватындағы алапат өрт сөндірілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!