Алматы облысында қатарласынан ақша бопсалаған қыздардың ата-анасы жазаланды

20:56, 27 қыркүйек 2024

© Сурет: видео скрині

Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жасар оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды.

Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді.

Бұл факт полицияда тіркеліп іс материалдары сотқа жөнелтілді. Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.

Айта кетейік, жасөспірімдер профилактикалық есепке алынып, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияға ұсыныс енгізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!