СҚО-да тасжолда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті

21:55, 27 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында "Астана-Петропавл" тасжолының 435-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 25 қыркүйекте Daewoo Nexia автокөлігі мен КамАЗ 54105 жүк көлігі соқтығысқан, нәтижесінде 40 жастағы Daewoo Nexia жүргізушісі мен 39 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 17, 19 және 62 жастағы тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

"ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады", - деді полиция.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!