Мемлекет басшысы тігін фабрикасын аралап көрді

19:21, 27 қыркүйек 2024

© Сурет: akorda.kz

Президент Түркістан облысы Ордабасы ауданында JNRAY Group серіктестігі биыл іске қосқан тігін фабрикасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Ордабасы ауданында JNRAY Group серіктестігі биыл іске қосқан тігін фабрикасының жұмысымен танысты.

Аумағы 6 мың шаршы метр болатын жеңіл өнеркәсіп нысанын ашуға мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы аясында 1,4 миллиард теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабрикада киім-кешек, төсек жабдықтары және арнайы киім түрлері шығарылатыны жөнінде мәлімет берілді. Бүгінде кәсіпорында 300 адам жұмыс істейді. Келешекте өнім түрлерін көбейтіп, тігіншілер санын 500-ге дейін жеткізу жоспарланған. Қажетті шикізат көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен жеткізіледі.

Мемлекет басшысы тігін цехын аралап көріп, өнім үлгілерімен танысты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!