Семей – Астана – Семей бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
© Фото: zakon.kz
Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын тұрақты әуе рейстерінің саны артады. Биылғы 27 сәуірден Семей – Астана – Семей бағытында сыйымдылығы 48 орындық "Ан-24" ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастайды. Рейсті "Южное небо" әуе компаниясы орындайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Семейден Астанаға ұшу уақыты – кешкі сағат 18:15, Астанадан Семейге ұшу уақыты – кешкі сағат 21:15.
Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі халықаралық әуежайдың жұмысымен танысу барысында айтты.
"Жолаушылардың өтінішін ескере отырып Көлік министрлігі, әуе компаниясы және облыс әкімдігінің үш жақты келісімі нәтижесінде осындай уағдаластыққа қол жеткіздік. 10 мамырға дейін аптасына үш рейс орындалады. Ал мамырдың ортасынан бастап ұшу жиілігі аптасына 5 ретке дейін ұлғаяды. Әуе компаниясының құрылтайшылары болашақта жаз мезгілінде қатынайтын жаңа ұшақтарды желіге шығаратынын айтып отыр. Алдағы уақытта Қарағанды бағытында субсидияланатын жаңа әуе рейсін ашу жоспарымызда бар. Қазіргі уақытта Көлік министрлігімен келіссөз жүргізіліп жатыр", - деді аймақ басшысы.
Биылғы 1 мамырдан бастап Алматы – Семей – Алматы (аптасына үш рет), Астана – Семей – Астана (аптасына бір рет) бағыттарында қосымша рейс енгізіледі. Бұдан бөлек 1 маусымнан бастап FlyArystan әуе компаниясы Шымкент – Семей – Шымкент бағыты бойынша жаңа рейсті іске қоспақ. Жолаушылар аптасына 2 рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Сондай-ақ, осы күннен "Скат" әуе компаниясы Алматы – Үржар – Алматы, Астана – Үржар – Астана рейстерін әрқайсысын аптасына 6 реттен орындай бастайды. Қазіргі уақытта Семей қаласынан Семей – Алматы, Семей – Астана және Семей – Үржар бағыттары бойынша тұрақты әуе рейстері орындалуда. Аталған рейстерді FlyArystan және "Южное небо" әуе компаниялары жүзеге асырып келеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 20 желтоқсан 2025
Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады





