«Sax Invest» қаржы пирамидасын басқарған ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Sax Invest қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компания өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздардың, қаржы құралдарының және басқа да активтердің иесі, сондай-ақ Африкадағы алмаз өндіру жөніндегі жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде танытқаны белгілі болды.
Нәтижесінде ұйымдастырушылар мыңнан астам салымшыдан заңсыз түрде 9 млрд теңгеден астам қаражат тартқан.
Тергеу барысында бұл қаражаттың көп бөлігі компания шотына емес, пирамиданың ұйымдастырушысы Мендығалиевтің жеке шотына аударылғаны анықталды.
Кейін бұл қаражат оның тарапынан жеке мақсаттарға:
- казиноға 2 млрд теңге,
- "Блайсико" атты бақылауындағы компанияның үлесін сатып алуға 28 млн теңге,
- Атырау қаласындағы екі пәтерге 70 млн теңге,
- жеке үй құрылысына 120 млн теңге,
- шетелде демалуға 377 млн теңге,
- қызының Лондонда оқуына 53 млн теңге жұмсалған.
Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында 2023 жылдың басында Мендығалиев 143 салымшымен жалпы 1,2 млрд теңгеден астам залалды өтеуге қатысты медиативтік келісімдер жасаған.
Сондай-ақ, ол 2023 жылдың соңына дейін 7 млрд теңге сомасында 1000-нан астам салымшыға қаражатты қайтарамын деген кепілдік міндеттемелерін берген.
Алайда, бұл уәдесіне қарамастан, салымшыларға ақшаларын қайтармаған.
2024 жылдың қарашасында Мендығалиевке халықаралық іздеу жарияланды.
Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі жалпы құны 600 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Оның ішінде: 4 пәтер, 2 жеке үй, 2 автокөлік, 10 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтер, сондай-ақ "ForteBank" пен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның бағалы қағаздары бар.
Күдікті ретінде Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларындағы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған 10 адам танылды.
Олардың 7-іне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





