Сауда министрлігі соңғы аптада кейбір азық-түлік түрлерінің арзандағанын мәлімдеді
© Сурет: Zakon.kz
ҚР Сауда және интеграция министрлігінде еліміздің ішкі нарығына заңсыз жолмен әкелінген жұмыртқаларды сату мәселесі және уақытша шектеу шаралары енгізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының транзитін бақылау тетіктерін пысықтау жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство мәліметінше, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны бәсеңдеуде
"Биыл алғаш рет апта ішінде аталған тауарларға бағаның өсуі тіркелген жоқ. Баға өспеді - апта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нөлдік өсіммен аяқталды. Өткен аптада бірқатар азық-түлік өнімдеріне баға төмендеді. Атап айтқанда, жұмыртқа 1,2%-ға, пияз 0,8%-ға, сәбіз 0,6%-ға, ал рожки мен күріш 0,1%-ға арзандады. Сонымен қатар, жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға төмендегені байқалды", делінген хабарламада.
Өңірлер арасында баға индексінің төмендеуі Түркістан облысында – 0,2%, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 0,1 тіркелді. Ал Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Абай облыстарында баға индексі өзгеріссіз, нөлдік деңгейде қалды.
"Өңірлік комиссиялар анықтаған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді бақылау мақсатында белгіленген 15%-дық шекті сауда үстемесін асыру фактілері бойынша 1 872 әкімшілік іс қозғалды", делінген министрлік хабарламасында.
6 100-ден астам тауар жеткізу тізбегіне талдау жүргізілді. Соның ішінде 655 жағдайда бәсекелестік заңнамасын бұзу қаупі анықталды. Бұл деректер нақты шаралар қабылдап, бақылауды күшейтуге негіз болды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі тиімді құралдардың бірі – ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері. Жыл басынан бері еліміздің өңірлерінде фермерлік өнімдер делдалсыз, тікелей сатылатын 3 мыңға жуық жәрмеңке ұйымдастырылды.
Бұған дейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкіметтік делегация құрамын бастап, Абай және Жетісу облыстарындағы Алакөл көлінің курорттық аймағына барғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 1 мамыр 2026
Қазақстан бойынша 2 мамырға дауылды ескерту жарияланды
-
17:36, 1 мамыр 2026
БҰҰ: Ормуз ашылмаса, инфляция шарықтайды
-
17:13, 1 мамыр 2026
Маңғыстау полициясында 50-ден астам ұлт өкілдері қызмет етеді
-
16:56, 1 мамыр 2026
Алматыда жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды
-
16:40, 1 мамыр 2026
Алматы ауа райы құбылмалы: жаңбыр, жел және кенет жылыну күтіледі





