Ұлттық банк 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноталарға қатысты маңызды ескерту жасады
© Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Ұлттық банкінде "Сақ стилі" сериясындағы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноталарға қатысты маңызды ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, ҚР Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2026 жылғы бірінші жартыжылдықта 259 400 теңгенің 57 жалған ақша белгісін (49 банкнота және 8 монета) анықтады. Бұл 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 68,4%-ға аз (96 жалған ақша белгісі).
"Көбіне номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан жасалған – 22 дана, анықталған жалған ақшалардың жалпы санының – 38,6%-ы. Одан кейінгі орында номиналы 10 000 теңгелік банкнота тұр – 16 дана (28,1%), 5 000 теңгелік банкнотада – 11 дана (19,3%), қалған 14% – монеталар".ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметі
Осыған байланысты, Ұлттық Банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ұлттық валютаның сыртқы белгілеріне ұқсайтын және "ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!", "НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ" деген бөгде жазулары бар баспа өнімдерін сатып алуға болатыны туралы жарнамалар да бар екенін ескертеді.
"Қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде банкнотадағы жазуларға айрықша назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеріп алған жөн".ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметі
Бұл ретте, ведомство номиналы 5000 және 10 000 теңгелік жалған банкноттарды түпнұсқалардан қалай ажыратуға болатынын көрсетті.
Атап өтілгендей, майда жазулар өте бұлдыр болады және үлкейтіп қарағанда оқып тануға келмейді.
Сондай-ақ, жалған банкнотада сутамғы белгісі болмайды.
Сонымен қатар, патч элементінің көлемі жоқ және жай бояумен басып шығарылады. Ал одан сәулелердің жан-жаққа таралуы секілді голографиялық эффектіні де, номинал бейнесінің ою-өрнекке ауысу құбылысын да байқай алмайсыз.
Қорғаныш жіптің динамикалық және түс ауыстыратын әсері жоқ, жарыққа тосып қарағанда біртұтас емес екеніне көз жеткізуге болады.
Ведомство шынайы банкноталарды көзбен шолып қарағанда және қолмен ұстап көргенде оңай анықтауға болатын бірқатар қорғаныш белгісі бар екенін атап өтті. Олармен сілтемеге өту арқылы танысуға болады.
"Күдік туғызатын, соның ішінде сыртқы белгілері шынайы ақшаға ұқсайтын банкноталар қолға түскен жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласқан жөн". ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметі
Бұған дейін Ұлттық Банк тағы бір жаңа монетаны сатылымға шығарғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 22 шілде 2026
Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
-
16:18, 22 шілде 2026
Алматыда жаппай төбелес туралы хабарлама полицейлерді аяқтан тік тұрғызды
-
16:06, 22 шілде 2026
Қазақстандағы тас жолдарда жазғы шектеулер енгізілген: ол кімдерге қатысты
-
15:52, 22 шілде 2026
Доллар бағамы төмендеп, мұнай бағасы қымбаттады
-
15:42, 22 шілде 2026
Алматы мен Шымкентте қайтадан ыстық күшейеді, Астанада жаңбырлы күндер жалғасады










