Сарапшылар сағат белдеуінің мемлекеттік қызметшілердің жұмысына әсерін зерттеп жатыр
© Фото: Zakon.kz
Уақыт белдеуін өзгерту басқару процестерінің тиімділігін арттырады. Бұл саясаттанушы Жанерке Қайратқызының пікірі, деп хабарлайды Zakon.kz.
24KZ хабарлауынша, ұзақ мерзімді перспективада бұл шешім мемлекеттік аппараттың жұмысына оң әсер етеді.
Ғалымдар біртұтас уақыт белдеуінің қазақстандықтардың психикалық денсаулығына әсерін зерттемек. Бұл зерттеуді Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы жүргізеді.
Қазіргі уақытта мамандар уақыт белдеулерінің өзгеруіне байланысты адамдардың көңіл-күйінде айтарлықтай өзгерістерді байқамай отыр.
"Біздің Орталық адамдардың психикалық денсаулығына қатысты өзгерістерді бағалауға мүмкіндік беретін барлық ақпаратты жинайды.Қазақстанда біртұтас уақыт белдеуіне көшу өткен жылы болды. Енді бізге келіп жатқан деректерді жан-жақты зерделеу керек. Мысалы, біріншілік аурушаңдық пен жалпы сырқаттанушылық туралы деректерді қарау керек. Осы мәліметтерге сүйене отырып, біз қорытынды жасай аламыз". Нәби Есімов, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының клиникалық және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.
Бұған дейін, 2024 жылғы 27 желтоқсанда дөңгелек үстел барысында ғалымдар Қазақстандағы уақытты біртұтас уақыт белдеуіне көшіру мәселесін тағы да сөз етті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:01, 6 қаңтар 2025
Елімізде 2025 жылы 190 инвестициялық жоба іске қосылады
-
12:53, 6 қаңтар 2025
Жаңа жыл күнгі «ене мен күйеу баланың» жанжалы сотта қаралды
-
12:47, 6 қаңтар 2025
Онлайн курс сатып алған астаналық 2 млн теңгеге алданып қалды
-
12:31, 6 қаңтар 2025
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 6 қаңтардағы валюта бағамы
-
12:23, 6 қаңтар 2025
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптар жаңартылды